Қамқоршылық кеңесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры______________А.Макатов
«____»__________________2019 ж.
«Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ –нің 2019-2020 оқу
жылына арналған Қамқоршылық кеңесінің
Е Р Е Ж Е С І
- Жалпы ережелер
Мектептің қамқоршылық кеңесінің бұл ережесі оқу-тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға, мектептің барлық кеңестерінің мүшелерін мектептің іс-шараларын ұйымдастырып, қатыстыруға, өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылып, қабылданды.
- Қамқоршылық кеңесінің мақсаты мен міндеттері :
- Қамқоршылық кеңесі мектепке оқыту және тәрбие жұмысында, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оқу-тәрбие мен инновациялық үрдісті жақсартуға септігін тигізуге құрылған.
- Қамқоршылық кеңестің міндеттері :
- Білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үрдісінде практикалық көмек көрсету;
- Оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;
- Оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;
- Оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;
- Материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету.
- Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтыққа еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.
- Қамқоршылық кеңесінің жүйесі
Қамқоршылық кеңесінің құру тәртібі және оның мүшелерін сайлау Мектеп
әкімшілігінің шешімімен бекітіледі.
Қамқоршылық кеңестің мүшелерінің саны 19/он тоғыз/ аспауы керек. Қамқоршылық кеңеске мектептің және сыныптардың ата-аналар комитетінен сайланған 12/он екі/ адам, педагогикалық кеңесте сайланған 6/алты/ мұғалім кіреді. Қамқоршылық кеңестің құрамына: мектеп оқушыларының ата-аналары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, компания, интеллектуалды жеке кәсіпкерлер мен ғылыми орта, баспасөз қызметкерлері, мектептің дамуына және дамытуға құлықты адамдар кіре алады.
Мектеп жарғысы бойынша қамқоршылық кеңестің жұмыс мерзімі 3/үш/ жыл.
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің жұмысы мерзімінен бұрын қамқоршылық кеңестің мүшелерінің сұрауы бойынша, өз міндеттерін денсаулықтарына байланысты орындай алмай және орындамаған жағдайда, қамқоршылық кеңестің жазбаша түрде мәлімдеген кезде аяқталуы мүмкін.
Қамқоршылық кеңестің шешімдері жазбаша түрде рәсімделеді, оны қарауға мектеп әкімшілігіне жібереді. Шешім 1/3 мүшелерінің дауысымен қабылданды деп есептелінеді.
Қамқоршылық кеңестің бірінші отырысын мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы өткізеді, бұл отырыста кеңестің төрағасы, орынбасары, хатшысы және ревизиялық комиссия мүшелері сайланады. Аталған лауазымдарға педагогикалық кеңестің ұсынған мүшелері сайлана алмайды.
Қамқоршылық кеңестің хатшысы болып қамқоршылық кеңестің мүшесі емес мектеп қызметкерін қамқоршылық кеңеспен тағайындалады, ол қоғамдық бастама ретінде өз құзырындағы жұмысты бақылап, отырыстарды дайындап өткізуге, қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдарын қамтамасыз етеді, материалдарды басқалардың көруіне бақылау жасайды.
- Қамқоршылық кеңестің құқықтары :
- Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына өз ұсыныстарын енгізуге;
- Қазақстан Республикасының заңдары негізінде финансты шаруашылық жұмысына қатысуға, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ;
- Оқу – тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы туралы мектеп әкімшілігінің есебін, бюджеттік және бюджеттік емес кірістердің қолданылуы туралы есептерді тыңдауға;
- Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне қатысуға:
- Бюджеттік және бюджеттік емес кірістердің қолданылуы туралы құжаттармен танысуға және ұсыныс жасауға;
- Мектеп жарғысына өзгертулер мен толықтырулар ұсынуға;
Қор құруға, қамқоршылық кеңесінің финанстық кірістері Қазақстан Республикасының заңына қарсы келмейтін өз еркімен жеке және заңды тұлғалардан түскен қаржыдан тұрады;
- Қамқоршылық кеңестің міндеттері:
- Оқушының оқу үлгерімін көтеру мақсатында білім үрдісінде сыйлықтар ұсынуға, стипендия тағайындауға;
- Бюджеттен тыс түскен финанстық қаржыны мақсатты түрде қолдану;
- Осы ережеге сәйкес қамқоршы кеңесінің атқаруға тиісті міндеттерін орындауын талап ету;
- Қамқоршылар кеңесі отырысының өткізілу тәртібі:
- қамқоршылық кеңесінің отырсы кварталына 1 рет өткізіледі;
- қамқоршылық кеңесінің отырысы оның төрағасымен, қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен, мектеп әкімшілігімен шақырыла алады;
- шақыру тәртібі және қамқоршылық кеңесінің отырысының өткізілуі мектеп әкімшілігінің бұйрығымен бекітіледі;
- Қамқоршылық кеңесінің отырысы, егер оның барлық мүшелері отырыс өткізілетін уақыты мен жерін хабарлаған уақытта толық болса- толыққанды деп есептеледі;
- Дауыс беруде қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесінде бір дауыстан бар. Егер дауыс беру тең жағдайда болғанда шешуші дауысты қамқоршылық кеңесінің төрағасы өз дауысымен шешеді.
- Қамқоршылық кеңесінің төрағасы :
- қамқоршылық кеңесінің төрағасы бірінші отырыста құпия дауыспен сайланады. Сайлану уақыты 3 жыл.
- Құқықтары :
- Өз міндеттерін қоғамдық бастама ретінде жүргізеді;
- Жергілікті басқару органдары, ұжымдар, ұйымдармен араласып, олардың алдында қамқоршылық кеңесін ұсынады;
- Қамқоршылық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады, басқарады;
- Қамқоршылық кеңесінің қабылдаған шешімдеріне қол қояды;
- Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы жылдық есебін дайындайды;
- Мектеп әкімшілігімен байланыста болады;
- Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне делегировать құқылы.
- Қамқоршылық кеңесінің мүлкі мен қаржысы :
- қамқоршылық кеңестің қаржысы оның мақсаттары мен міндеттеріне сай жұмсалады;
- жұмсалған қаржы туралы оның салымшыларын ақпараттандырып отырады;
- оқушылардың оқудағы жақсы үлгерім көрсеткіштері үшін және интеллектуалды шығармашылық сайыстардағы көрсеткіштері үшін премия тағайындай алады.
- Ревизиялық комиссия:
- ревизиялық комиссия – қамқоршылық кеңесінің жұмысында финансты-шаруашылық қаржыны жұмсаудағы заңдылықты, дұрыс қолданылуын қадағалайтын бақылау жасаушы орган;
- ревизиялық комиссия кеңестің жалпы отырысында 3 жылға сайланады.
- Қарама-қайшылықтар
- қамқоршылық кеңестің әрбір мүшесі мектеп жұмысы үшін аянбай еңбек етуге міндетті. Қамқоршылық кеестің әрбір мүшесі шешім қабылдағанда өз жеке басын ойлап, мектептің коммерциялық мүмкіндіктеріне қол сіқпауы керек.
- Қамқоршылық кеңесі мүшелер арасындағы қарама қайшылықтар және оны шешу туралы жағдайды мектеп әкімшілігіне хабарлауы міндетті.
- Егерде қарама қайшылықтар шешілмеген жағдайда, оны шешу мектеп әкімшілігіне қарауға беріледі.
- Қамқоршылық кеңестің таратылуы
- қамқоршылық кеңестің таратылуы мектеп әкімшілігінің шешімімен бекітіледі.
- Қамқоршылық кеңестің қаржысы таратылғаннан кейін құрылған жоспар бойынша орындалатын жұмыстарды жалғастыру үшін таратылу комиссиясына тапсырылады.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Алибекова
«Бекітемін»
Мектеп директоры______________А.Макатов
«____»__________________2019 ж.
«Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ –нің 2019-2020 оқу
жылына арналған Қамқоршылық кеңесі отырыстарының
жоспары
отырыстар | тақырыптар | мерзімі | жауаптылар |
І | Қамқоршылық кеңесінің нормативтік құжаттарымен танысу. Кеңес мүшелерін сайлау. Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, орынбасары, жауапты хатшысы) Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру, бекітуге ұсыну. | тамыз- қыркүйек | Ж.Садвакасов Қ.Амиргазина |
ІІ | Жайсыз отбасылар, көмек қажет етіп отырған отбасыларға қолдау жасау, мұғалімдермен бірлескен жұмыс. | қазан-желтоқсан | |
ІІІ | Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастыру. | қаңтар-наурыз | |
ІУ | Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды қарастыру. Туристік саяхат. Тарихи орындарға апару. Т.б. | сәуір- маусым | |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Алибекова