Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2020

Қамқоршылық кеңесі

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

«Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі»  КММ


ХАТТАМА №1


                                                                         Ақбұлақ ауылы    « 5 » қыркүйек 2019 ж.


Төрағасының аты-жөні:  Садвакасов Жомарт  


Хатшының аты-жөні:  Амиргазина Кымбат Уалжановна


Жиналысқа қатысуға тиісті:  11

Қатысқандар саны:   10

Қатыспағандар саны:  1

Күн тәртібінде:


1.    Қамқоршылық кеңесінің төрайымы мен хатшысын бекіту.

2.    2019-2020 оқу жылына Қамқоршылық кеңестің жоспарын бекіту.

Тыңдалды:

Бірінші сұрақ бойынша,  Садвакасов Жомарт    2018-2019 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңестің мүшелерін атап өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының негізгі қағидаларын талқылай отырып ашық дауыс беру жолымен Қамқоршылық кеңес төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.

 Жакманова Г.А.: төраға ретінде  былтырғы кеңес төрағасы  Садвакасов Жомарт  және хатшы ретінде  Амиргазина Кымбат өздері қалғанын ұсынды.  Қамқоршылық кеңес мүшелері бірауыздан ұсынысқа келісті. 

 Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшуіне байланысты   келесідей: 1-ші сыныпта оқушы жоқ., 2 сын.- Кенжебаева Г., 3 сын. – Рақымбекқызы Ш., 4 сын. – Амиргазина Қ., 5-7 сын. – Сапина П., 6-8 сын. Айтқалиқызы С., 9 сын. – Жакманова Г. Қамқоршылық кеңесіне  мүшелікке   ұсыныстар түсті. Бұл ұсыныстар   қолдау тапты. 

Шешім: 1.Қамқоршылық кеңес төрағасы болып  Садвакасов Жомарт Жумагазинович және  хатшы ретінде Амиргазина Кымбат, кеңес мүшелерінің ұсынысымен аталған ата-аналар   мүше болып бекітілсін. (қосымша 1 бетте)

Екінші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелері 2019-2020 оқу жылының жұмыс жасау жоспарын талқылады.

Кенжебаева Г., Рақымбекқызы Ш.,  Айтқалиқызы С. Қамқоршылық кеңес жоспарына оқушылардың құқығы мен олардың жақсы ортада   өмір сүруін қамтамасыз ететін іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

Шешім:

2. 2019-2020 оқу жылына Қамқоршылық кеңестің мүшелерімен жоспарланған  жұмыс жоспары  бекітілсін.




Төраға:                                        Садвакасов Жомарт Жумагазинович                              


Хатшы:                                        Амиргазина Кымбат Уалжановна


Похожие публикации: