"Жас Ұлан", "Жас Қыран" қатарына қабылдау
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдау рәсімі
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар! Біз бүгін салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші:
Сап түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының гимні орындалсын!
1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтары:
2-жүргізуші:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен 2011 жылы 6 шілдеде Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қауымның бірлестігі құрылды.
1- жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.
оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
1- жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
2-жүргізуші:
Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
1-жүргізуші:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
2-жүргізуші:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
1-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының адал азаматтары.
2-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
1— жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
2- жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
1— жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
2-жүргізуші:
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ елі өнерлі өсиетті
Египетті бейнелеп бейбарысты
Қазақ елі киелі қасиетті
Ән: «Қазақстан»
Көшбасшы: Ұйым түзел, тік тұр!
Құрметті Макатов Аманкелді Сембаевич ! ! Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына Ақбұлақ негізгі мектебінің оқушыларын қабылдауға рұқсат етіңіз!
Директор: Рұқсат етіледі
Ұланбасы: «Жас Ұлан» ұйымының қатарына кіруге дайынсындар ма?
Оқушылар: Дайынбыз (3 рет)
Ұланбасы: «Біздің ұран»
Оқушылар: Біздің ел Қазақстан, болашағы Жас ұлан
Ұланбасы: Ант қабылдансын!
Оқушы: Мен – Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін, ант етемін!
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар ! Сіздерді «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылданатын оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)
Білімді -көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!
Сөз кезегі Мектеп директоры Макатов Аманкелді Сембаевичке беріледі.
Сөз кезегі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алибекова Сауле Айдыновнаға беріледі.
. Мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.