28
декабрь
2023
“Ұстазға құрмет” атты ардагер ұстаздарға алғыс хат табыстау рәсімі
Елу жылдық тарихы бар "Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі" КММ де ҚР оқу-ағарту министрі Гани Бейсембаевтың ардагер ұстаздарға Алғыс хаттарын табыстау рәсімі болды. Оған оқушылар мен мұғалімдер қатысып жақсы кездесу кеші өтті. Ардагер ұстаздар еңбек жолдарын, қызықты ұстаздық сәттерін, есте қалған оқушыларының жақсы естеліктері мен ұстаздарға өздерінің тәжірибелік жетістіктеріменен бөлісті.
Мектеп директоры Макатов Аманкелді Сембаевич құрметті ұстаздарға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларына амандық тілейді.
Отыз жылдан астам ұстаздық еткен жүздеген шәкірт тәрбиелеп, білім беріп зейнетке шығып немере, шөбере тәрбиелеп отырған ардагер ұстаздарға мың алғыс.