"Мектептегі бір күн"
«Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ
бойынша 05.02.2020 «Мектеп өмірінің бір күні» іс-шаралары жасалды.
Мектеп оқушыларының барлығы қатысты. Өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндіктің бір күні. Мектеп психологі Ауханова Қ. оқушылармен психологиялық тренингтер ұйымдастырды. (6,8,9 сыныптар). Әр тренинг қо рытындыланып отырды. Көңілді, танымды, тартымды болды.




Екінші ауысым оқушылары 5,7 сынып оқушыларымен де түрлі тренингтер өткізілді.
Бастауыш сыныптар бойынша «Әлем таныған Абай» - өлеңдерді жатқа айту, эссе жазу сайысы өтті. (1-4 сыныптар). Үздіктері аталып , марапатталды.


Кітапханашы Алимжанова О. «Ұлы Абай» кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ағылшын пәні мұғалімі Арынғазина А. «Мәдениет» тақырыбы бойынша 5 сыныпта ашық сабақ өткізді.


Ата-аналармен бірігіп оқушылар (еріктілер) мектеп ауласының қарын тазалады.